2 жас

3 жас

4 жас

5 жас

2 жас
3 жас
4 жас
5 года
Сабақтар мен кеңес беру пункті өз жұмысын 15 қазаннан бастайды

Виртуалды балабақшаға қош келдіңіз!

Сайт мектеп жасына дейінгі балалары бар жандарға көмектесуге бағытталған танымдық, көрнекі және ағартушылық ақпарат көзі ретінде даярланып қызмет атқарады.

Қарапайым әрі көрнекі навигация мәзірі сайт бөлімдері мен беттерін еркін шарлауға мүмкіндік береді. Веб-сайт оқырмандардың кең аудиториясына арналған. Мұндағы ең басты мақсат — ата-аналар қауымдастығы мен мұғалімдерге нақты, жан-жақты, тиімді және уақытылы көмек көрсету.

Ата - аналар үшін!

Балаңыз бен күн ұзақ үйде бола отырып, күнделікті тәртіпті сақтау, оның танымдық қызығушылығын арттыру және белгілі қағидаларды сақтау аса маңызды.

Бұған виртуалды балабақша септігін тигізеді.

Мұнда сіздер:

  • күн тәртібімен, ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесімен, әр тақырыптағы іс-шаралар конспектісімен танысасыздар;
  • педагог-психолог, логопед, медбике, дене шынықтыру инструкторы, музыка жетекшісі мамандарының жеке парақшаларына сұраныс қалдырып, балаларды тәрбиелеуде психологиялық-педагогикалық қолдау тұрғысында дербес кеңес аласыздар.
  • «кері байланыс» бөлімінде балабақша мамандарына сын-пікір қалдыруыңызға да болады.Сондай-ақ, балалардың жас ерекшелігіне сәйкес медиатекақолжетімді. Сондықтан дәл сіздің сәбиіңіз уақытын қызықты өткізіп, қажетті бағдарлама шеңберінде өсіп-жетіледі, дамиды!

Білім беру ұйымының педагогтары үшін

Виртуалды балабақша:

— сізге әртүрлі санаттағы отбасылар үшін уақытылы заманбап көмек, психологиялық қолдау мен сүйемелдеу көрсету мүмкіндігін кеңейтеді;
— сіздің ақпараттық мәдениетіңізді арттырып, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің білім беру кеңістігіне жаңашыл технологиялар енгізуге мүмкіндік береді;
— бұл қашықтықтан байланыс, кәсіби тәжірбиені тарату және қолдану алаңы;
— мұнымен бірге, сіз оқу әдістемелік материалын орналастырып, тиімді оқыту тәжірибесін қолдана аласыз.
— виртуалды балабақша бұл — әдістемелік қамтамасыз етудің ақпараттық білім беру ортасы, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бірден бір көмек әдісі.
Өтінім қалдыру

Оставить заявку

Подать заявку
Scroll to Top